Шығыс Қазақстан облысының полицейлеріне қызметтік иттер есірткі қылмысымен күресуге көмектеседі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шығыс Қазақстан облысының полицейлеріне қызметтік иттер есірткі қылмысымен күресуге көмектеседі

444

Smiley face

 Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Паутина» есірткіге қарсы операциясын өткізді.

Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 19 есірткі қылмысы ашылды, оның ішінде қызметтік-іздестіру иттерінің көмегімен 2 қылмыс ашылды.

«Өскемен қаласының 36 жасар тұрғыны өз бөлмесінде кептірілген марихуананы матрац астында тығып қойған. «Норд» атты қызметтік-іздестіру иті санкцияланған тінту барысында полиция қызметкерлеріне есірткі тығылған нақты орынды көрсетті», - деп хабарлады ШҚО ІІД баспасөз қызметі.

Екінші жағдайда «Азар» атты ит көзге түсті. Қызметтік ит Көкпекті ауданында шөп астынан 5 литрлік пластик шөлмекті және 16 марихуана салынған түйіншекті тапты. Барлығы 2 килограмм есірткі заты тәркіленді.

Жалпы, жыл басынан бері қызметтік-іздестіру иттерінің арқасында 183 қылмыс ашылды, оның ішінде 52 есірткі қылмысы бар. Заңсыз айналымнан 80 килограммнан астам есірткі заттары тәркіленді.


Көзі: Yunews.kz