Қарағандылықтар экочелленджді қолдайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандылықтар экочелленджді қолдайды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов «Birge. Taza Qazaqstan» экологиялық акциясына қолдау білдірді. Ол туралы Twitter-дегі бетінде экология министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті. Қарағандыда шараны қолдау акциясы 27 шілдеде өтеді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Премьер-Министр Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты. Бұл челлендж – жақсы іс. Менің ойымша, акцияға қатысуымыз керек. Табиғатты таза ету керек», - деді аймақ басшысы.

Ерлан Қошанов облыстың әрбір қаласы мен ауданында проблемалы орындарды анықтауды тапсырды. Осы сенбі күні 27 шілдеде қала және аудан әкімдерінің, басқармалар мен бөлімдер аппараттарының қызметкерлері аумақтарды тазартуға шығады. Ерлан Қошанов барлық қарағандылықтарды акцияға қосылуға шақырды. Акцияны өткізу орны мен уақыты кейінірек жарияланады.

Еске саламыз, осы жылдың 16 шілдесінде ҚР Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі бетінде «Birge. Taza Qazaqstan» республикалық акциясы басталғанын хабарлады. Ол волонтерлерді, қоғам қайраткерлерін, Үкімет мүшелерін, белсенділер мен жанашыр азаматтарды Қоянды су қоймасын тазалауға қатысуға шақырды.

Акцияны Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдады.


Көзі: Yunews.kz