Асқар Жұмағалиев Алматыда жұмыс сапарымен болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Асқар Жұмағалиев Алматыда жұмыс сапарымен болды

444

Smiley face

Сапардың негізгі мақсаты Алматыны цифрландыру барысымен және мегаполисте өмір сүру қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру үшін енгізілетін тіршілік әрекетін қамтамасыз етудің түрлі компоненттерімен танысу болды, деп хабарлады ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Алматы – цифрландыру саласындағы қазақстандық флагмандардың бірі және көптеген бағыттар бойынша көш бастап келеді. Нақты салалардағы істердің жағдайы туралы министрге жедел медициналық жәрдем станциясына, полиция және төтенше жағдайлар департаменттеріне, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына, «Алатау» инновациялық технологиялар паркіне және Медеу ауданының ХҚКО-на келген кезде баяндалды.

Мегаполистің қоғамдық көліктерінде қолма-қол ақшасыз төлем жасау үлесі 98%-ды құрайды, онлайн-ПИК жұмыс істейді, жүйені автоматтандыру жедел жәрдем машинасының орташа келу уақытын 11-12 минутқа дейін, ал өрт сөндіру күзеті машиналарын 8 минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Қазір қала ТЖ туралы хабарлау жүйелерімен 100% қамтылған, ал тұрғындарға тиісті хабарламалар бірнеше минут ішінде келіп отыр.

«Алматы барлық қызметтердің өмір сүру жайлылығын және жұмыс тиімділігін арттыруға ықпал ететін жүйелермен және жобалармен біртіндеп жабдықталып келеді. «SmartСity» компоненттерін тиімді енгізу, азаматтармен тұрақты диалог қалалық инфрақұрылым мен экожүйені одан әрі дамытуға ықпал етеді», деп атап өтті Асқар Жұмағалиев «Ақылды қаланы» цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңес барысында.

Кеңесте ұсынылған «SmartCity» жобасын дамыту бойынша ұсыныстар мен ұсыныстардың басты мәні – Алматыда бар жұмыстарды сақтап қалу және жүргізіліп жатқан жұмысқа жаңа серпін беру. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, мегаполисті басқарудың басым міндеттерінің бірі қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру және қалалық қызметтердің жұмысын одан әрі автоматтандыру болып табылады.


Көзі: Yunews.kz