«Аз қамтамасыз етілген» көп балалы отбасылардың дүкендері бар және қымбат көлікпен жүреді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Аз қамтамасыз етілген» көп балалы отбасылардың дүкендері бар және қымбат көлікпен жүреді

444

Smiley face

Алматыда 3 ай ішінде бірнеше көп балалы отбасы қаржылық жағдайдың жақсаруына байланысты атаулы әлеуметтік көмектен өз еркімен бас тартты.

«Біз жұбайымызбен атаулы әлеуметтік көмектен (АӘК) бас тартуды шештік. 3 ай бойы біздің отбасымыз 105 мың теңге алып келдік. Әрине, бұл – үлкен қолдау, бірақ қазір біздің жағдайымыз дұрысталды. Табысымыз молайды. Енді мүмкіндігі төмен отбасы алсын бұл қаражатты», - деді АӘК-тен бас тартқан отбасылардың бірі.

Smiley face

Smiley face

Алайда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша жекелеген азаматтар тарапынан алаяқтық деректері анықталды. Осының негізінде Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы АӘК тағайындаудың дұрыстығына мониторинг жүргізуде. Нәтижесінде артық төлем, қос төлем, жеке кәсіпкерлердің кірістерін жасыру және басқа жағдайлар расталды, деп хабарлайды Алматы қаласының әлеуметтік әл-ауқат басқармасы.

Мысалы, Бостандық ауданында 6 адамнан тұратын отбасы үш деңгейлі үйде тұрады және қымбат жол талғамайтын көлікпен жүреді. Тағы бір АӘК алып келген 18 адамнан тұратын отбасы жеке үйде тұрады, 2 автокөлік және жеке азық-түлік дүкені бар. Учаскелік комиссия мұндай жағдайларды тоқтату бойынша шаралар қабылдайды.

Smiley face

Smiley face

Айта кету керек, АӘК тағайындау ережесіне сәйкес, жалған мәліметтер беру барлық отбасына төлемдерді тоқтатуға әкеп соғады. Бұдан басқа, көрінеу жалған мәліметтер берген өтініш беруші ақша қаражатын ерікті немесе сот тәртібімен қайтаруға міндетті.

Сонымен қатар, құжаттарды қабылдау кезінде барлық өтініш берушілерге жұмысқа орналастыру, тегін оқыту және ақысыз гранттар алу бойынша шаралар ұсынылады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz