ЖРТ құрылысы тоқтатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ЖРТ құрылысы тоқтатылды

444

Smiley face

Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек Нұр-Сұлтан қаласында жеңіл рельсті көліктің құрылысы неге тоқтатылғаны туралы айтты.

«Осы аптада 24-і күні елорданы, қаланы дамыту жөніндегі комиссия болады. Талқыланатын мәселелердің бірі - бұл жеңіл рельс жолының жобасын одан әрі салу және аяқтау. Жоба шынымен ұзаққа созылды, бірнеше жылдан бері салынуда. Құрылыс қаражаты «Астана банкінде» болған. Бүгін әкімдік Ұлттық Банк пен Қаржы министрлігімен бірлесіп осы қаражатты өндіріп алу бойынша іс-шаралар өткізуде. Бұғатталған қаражат 80-нен астам млрд теңгені құрады. Бұл қарыз бойынша транш болды»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Ж. Қасымбектің айтуынша, осыған байланысты құрылыс тоқтап қалған.

«Осыған байланысты құрылыс уақытша тоқтатылды. Президенттің тапсырмасы – бұл нысанды аяқтау. Бейсенбі күні әкімдік осы жобаны жүзеге асырудың нұсқалары мен тетіктерін ұсынатын болады. Мемлекеттік комиссияның қорытындысы бойынша біз толық ақпарат бере аламыз. Жоба аяқталады, әкімдікпен бірге біз өзімізге қоятын мерзім – келесі жылдың соңы»,-деді Премьер-Министрдің орынбасары.


Көзі: yunews.kz