Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Арыс қаласында 155 үй бұзылып, қайта тұрғызылуда

444

Smiley face
Фото: МИИР РК

 

23 шілдеге қарай құрылысшылар 1963 ЖТҚ және КПТҮ объектілерін тапсырды. Күн батқанғанға дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2 мыңға жетеді, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
 
Ай басынан бері  Арыс қаласында шыжғырып тұрған күн астында 7367 құрылысшы еңбек етуде, олардың қатары күн сайын бірнеше ондаған адамдармен толығуда. Сонымен бірге, өңірлер мен Республикалық маңызы бар қалалар 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлерді қалпына келтіруде. Құрылыс бригадалары 115 үйді бұзып, қайта тұрғызып жатыр.
 
Алайда, Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметтері бойынша, мамандар әлі күнге дейін 51 үйге қол жеткізе алмай отырғандықтан, тексеру жүргізу, жөндеу жұмыстарын бастау мүмкін болмай тұр.
 
Естеріңізге сала кетейік, Арыс қаласындағы әскери полигонда болған жарылыстан барлық тұрғын үй қорының 85%-і зардап шеккен болатын. Нысандарды қалпына келтіруге бақылау және мониторинг күн сайын жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz