Қауіпсіздік сертификаты сізге көмектеседі - Жұмағалиев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қауіпсіздік сертификаты сізге көмектеседі - Жұмағалиев

444

Smiley face

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Үкімет отырысында қауіпсіздік сертификаты не үшін қажет екенін айтты.

Оның айтуынша, бұл деректер қауіпсіздігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді, экстремистік, террористік сипаттағы материалдарға және порнографияға қолжетімділікті шектейді.

«Келесі жағымдылығы – қауіпсіздік, ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Яғни, бүгінгі таңда қандай да бір сайттарға шабуыл жасау, кейбір вирустар орын алып жатқан кез-келген жағдайында бұл қауіпсіздік сертификаты сізге көмектесетін болады», - деді А. Жұмағалиев.

«Айтишниктер» қаупіне қарамастан, үшінші тұлғаларға деректердің жоғалғаны туралы министр бұл қылмыстың жазаланатынын және барлығы заңнама аясында жүзеге асырылатынын айтты.

Өз кезегінде Асқар Жұмағалиев өзінің сертификатын әлі орнатпағанын айтты.


Көзі: yunews.kz