Шекарашылар 10 кг марихуана мен 5 грамм гашиш тәркіледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шекарашылар 10 кг марихуана мен 5 грамм гашиш тәркіледі

444

Smiley face
Фото: kstovo.ru

Тараз шекара отрядының «Ақсуат» заставасының қызметкерлері 10 кг 400 г кептірілген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. Тыйым салынған есірткі заты Қырғызстан азаматынан табылды. Шектес мемлекеттің аумағында оның сыбайластарының болуы жоққа шығарылмайды. Ұсталған азамат Жуалы аудандық полиция бөліміне тапсырылды. Петропавл шекара отрядының «Бидайық авто» шекарашысының РФ азаматынан 5 г гашиш есірткісі тәркіленді. Ол Қазақстаннан Ресейге «Тойота» автокөлігімен барған. Тыйым салынған зат оралған түйіншек рульдің астынан табылды.Ұсталған азамат Уәлиханов ауданының полиция бөліміне тапсырылды.


Көзі: yunews.kz