Қарағанды облысында спорт фестивалі өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында спорт фестивалі өтті

444

Smiley face

Фото: yunews.kz

Қарағанды облысының Қарқаралы өңірінде балалар үйлерінің тәрбиеленушілері үшін спорт фестивалі өтті.

Облыстық жарыстарға қатысу үшін «Жас дәурен» балалар лагерінің алаңына 200-ге жуық қатысушы жиналды.

Smiley face
Фото: yunews.kz

«Алға, Спартак» ҚҚ, сондай-ақ «Yuwert IT» ЖШС және «Менің отбасым» ҚБ қолдауымен ату, тартылу, футбол және волейбол бойынша жарыстар өтті.

Қазылар алқасы мүшелерінің бірі және «Yuwert IT» ЖШС өкілі Константин Злобенконың айтуынша, жарыстар бірінші жыл өткізіліп отырған жоқ және ауқымды іс-шара жақсы дәстүрге айналды және бұл өзі балалар үшін – көптен күткен мереке.

Smiley face
Фото: yunews.kz

 

«Спорттық жарыстар мінезді шыңдайды, командалық рухты тәрбиелейді және нәтиже үшін күресуге дайындайды. Осы турнирдің арқасында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері естен кетпес эмоциялар мен сезімдерді бастан өткеріп қана қоймай, сонымен қатар белсенді демалуға, күш-жігер мен бойларына қуат жинауға, спорттық дәстүрлерді нығайтуға тамаша мүмкіндік алады», деп атап өтті Константин Злобенко.

Үш күндік фестивальдің қорытындысы бойынша қазылар алқасы үздіктерді анықтап, оларды Құрмет грамоталарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

 

Smiley face
Фото: yunews.kz


Көзі: yunews.kz