«Гаджеттерге түсіріңіздер» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Гаджеттерге түсіріңіздер»

444

Smiley face

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов пен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК басшысы Замир Сағынов жол материалдарының сапасын тексеретін зертханаға барды, деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Биыл облыс жолдарын жөндеуге 37 млрд теңге бөлінді. Сондықтан жергілікті биліктің мақсаты – орындалатын жұмыстардың сапасын және бюджет қаражатын игеруді қатаң бақылау. Енді жүйелі негізде зертханалық тексеру жүргізілетін болады. Егер бұрын сапаны бақылаудың осы түрімен тек республикалық желілер қамтылса, енді облыстық маңызы бар жолдарды да қадағалайтын болады.

Smiley face

Өңір басшысы солтүстікқазақстандықтарды да бұл істен сырт қалмауға шақырды.

«Техникалық мүмкіндіктерден басқа қоғамдық бақылау қажет. Қазір гаджеттер бар, суретке және бейнекөрініске түсіру арқылы сапасыз жөндеу жұмыстарын көрсету қажет. Жол төсемінің бұзылғанын көрсету керек. Барлық материалдарды Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің сайтына жіберіңіздер. Сайтта «Халықтық бақылау» арнайы бөлімі бар. Сондай-ақ, «Қызылжар – адалдық алаңын» пайдалануға болады. Барлық нақты деректер бойынша тиісті шаралар қолданамыз», деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.

Smiley face


Көзі: yunews.kz