Шымкент – Қазақстандағы әлемдік экологиялық жобаға кірген алғашқы қала - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Шымкент – Қазақстандағы әлемдік экологиялық жобаға кірген алғашқы қала

444

Smiley face

Шымкент – Қазақстандағы әлемдік экологиялық жобаға кірген алғашқы қала. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

 Мұндай келісім қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың Лондонға жасаған іссапары нәтижесінде болды, онда ол Еуропалық Қайта Құру және даму банкінің штаб-пәтеріне барды.

«Қол қойылған меморандум қаланы жарықтандыру және жаңа кәріздік тазарту құрылыстарын салу бойынша жобаларды іске қосуға және қаржыландыруға мүмкіндік береді. Шымкент энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында заманауи экологиялық жобаларды енгізу бойынша белсенді саясат жүргізеді», - деп атап өтті мегаполис басшысы.

Smiley face

 Болашақ жобалардың құны – $ 100 миллион.

«Жасыл қала» жаһандық жобасы – ЕҚДБ негіздемелік бағдарламасының негізгі құралы. Ол қалаларға тұрақты даму үшін олардың көзқарасы мен стратегиялық мақсаттарын дамытуға көмектеседі. Сондай-ақ, жоба экологиялық проблемаларды шешуге көмектесетін іс-шаралар мен инвестициялық жобаларды қарастырады. Олар – ауаның ластануы, жер пайдалану, орталық жылыту, жол кептелістері, қалдықтарды кәдеге жарату, сумен жабдықтау және кәріз, су ресурстарын басқару.


Көзі: yunews.kz