«Қостанай-Сарыкөл» тасжолында көлік апаты болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Қостанай-Сарыкөл» тасжолында көлік апаты болды

444

Smiley face

«Қостанай-Сарыкөл» автожолының 10 шақырымында 2 автокөліктің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды Қостанай облысының полиция департаменті.

«65 жастағы «Volkswagen Golf» жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, 53 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Mazda» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Нәтижесінде «Mazda» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. 4 жолаушы түрлі жарақат алды. 41 жасар жолаушы ауруханада көз жұмды», деп хабарлады ведомстводан.

Аталған дерек бойынша тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz