Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулдығы Приозерск дәрігерлеріне алғыс айтты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулдығы Приозерск дәрігерлеріне алғыс айтты

444

Smiley face

Алматыдағы Өзбекстан Республикасының бас консулы Аброр Фатхуллаев Приозерск қаласы орталық ауруханасының жетекшісі мен ұжымына алғыс білдірді. Дипломатиялық өкіл Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына хат жолдады:

«Құрметті Елжан Амантайұлы,

Биылғы жылдың 13-ші шілдесінде Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында болған жол көлік оқиғасының нәтижесінде Өзбекстан Республикасының бес азаматы: Б. Гулекеев, А. Жолдасбаев, С. Сайтназаров, Х. Сейтмуратов және О. Наубетов түрлі деңгейдегі жарақаттармен Приозерск қаласының қалалық ауруханасына жеткізілді, ол жерде оларға жоғары білікті мамандар жедел медициналық көмек көрсетті.
Аурухана дәрігерлерінің жоғары біліктілігінің арқасында Өзбекстан елінің азаматтары дәл уақытнда қажетті ем алып, елдеріне қайта оралды.
Осы оқиғаға байланысты Бас консулдық «Приозерск қаласының орталық ауруханасы» КММ барша ұжымына, және де жеке аурухана директоры Н. Шағыровқа, хирург М. Пайзуллаевқа Өзбекстан Республикасының азаматтарына уақтылы көрсетілген медициналық көмек пен қамқорлық үшін алғыс білдіреді.

Құрметпен, бас консул А. Фатхуллаев.»

Еске салайық, 13-ші шілдеде болған жол апаты Алматы – Екатеринбург тасжолының 380-ші шақырымында болды. Миграциялық заңнаманы бұзушыларды еліне қайтару кезінде SsanYong қызметтік көлігі аударылды. ЖКА нәтижесінде Мойынқұм ауданының полиция бөлімінің екі қызметкері мен Өзбекстан Республикасының бір азаматы қаза болды.


Көзі: yunews.kz