Медициналық ЖОО-да сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Медициналық ЖОО-да сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытылады

444

Smiley face

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тұрғындар арасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлердің тапшылығын жою үшін резидентурада мемлекеттік тапсырысты бөлу тәсілдерін өзгертті. Тапсырысты орналастыру үшін осы жолы елдің өңірлері бойынша медкадрларға қажеттіліктерге негізделген әдістеме қолданылды. Мамандықтар бойынша саралау жүргізілді. Соның нәтижесінде қалалар мен ауылдардағы бос орындар саны көп 18 мамандық іріктеліп алынды. Олар бойынша 2019-2020 оқу жылына резидентурада даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу жоспарлануда,деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы жылдан бастап резидентура мамандықтарының тізбесі Денсаулық сақтау жүйесінің негізгі басымдықтарын ескере отырып және азаматтардың қажеттілігімен толықтырылғанын атап өту қажет. Атап айтқанда, резидентурада «Отбасылық медицина» мамандығы бойынша кадрлар даярлау басталады. МӘМС енгізгеннен кейін БМСК жүйесіндегі негізгі буын Отбасылық дәрігер кәсіптік аралық команданы алмастыруы тиіс, бұл оның міндеттері мен жалақы деңгейіне әсер етеді. Бірқатар мамандықтар бойынша (Акушерлік-гинекология, пульмонология, офтальмология, отоларингология, кардиология, кариохирургия, нейрохирургия, спорттық медицина, аллергология, гематология және т.б.) келесі 2 жылда күтілетін резиденттер түлектері осы мамандықтар бойынша медкадрларға деген барлық қажеттілікті жабады.

Резидентурада дайындық форматы жаңартылды. Енді оқыту тікелей жұмыс орнында болады. Болашақта жұмыс орнын ерте бекіту және кейіннен түлектерді кепілді жұмысқа орналастыру жоспарлануда. Резидентураға түсуші білім беру ұйымымен және денсаулық сақтау басқармасымен оқу туралы үш жақты шарт жасауы тиіс.

Бұл шаралар халық арасында сұранысқа ие мамандықтар бойынша дәрігерлік кадрлардың жетіспеушілігін жоюға, ауыл мен қала арасындағы медициналық кадрлардың қажеттілігін реттеуге, мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде оқыған медициналық жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастыруға және кейіннен 3 жылдан кем емес жұмыс істеу жөніндегі міндеттемелерді сақтауға, сондай-ақ жас мамандарды тарту мен жұмысқа орналастыруда ЖАО жауапкершілігін күшейтуге мүмкіндік береді, деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz