Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде босатудан бас тартты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сот Мұхтар Жәкішевті шартты түрде босатудан бас тартты

444

Smiley face

Семейде «Қазатомөнеркәсіптің» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш қаралды. Процесс күні бойы созылды. Өз өтінішінде сотталушы өз мерзімінің белгіленген бөлігін өтегенін және 3 топтағы мүгедек болып табылатындығын, сондай-ақ марапаттаулары бар екенін түсіндірді. Алайда сот оның өтінішін орындаудан бас тартты.

«Сот осы өтінішті қанағаттандырудан бас тартты. Сот сотталғанның 7 көтермелеуі бар екенін ескереді. Олар 2013, 2015, 2016,2019 жылдары алынды. 2014 және 2017 жылдары ол көтермелеу алған жоқ. Бұл сотталғанның мінез-құлқында оң өзгерістер динамикасының және тұрақтылығының жоқтығын білдіреді. Сонымен қатар, Мұхтар Жәкішев миллиардтаған теңге берешегін өтемеген. М. Жәкішевтің 2009 жылдың мамыр айынан бастап жазасын өтеп жатқанын атап өту қажет. Ерікті сотталғандарды ұйымына тек 2018 жылы ғана кірді, яғни оны мерзімінен бұрын шартты түрде босату мерзіміне дейін», деп түсіндірді баспасөз мәслихаты барысында № 2 сот төрағасы Жанат Әбенова.

Smiley face

Сонымен қатар, Ж. Әбенова аталған сот қаулысы әзірше заңды күшіне енбегенін және келіспейтін тарап оған 15 тәулік ішінде шағымдана алатынын атап өтті.

Еске саламыз, М. Жәкішевтің жеке мүлкі тәркіленіп, қатаң режимдегі колонияда 14 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Оны бірден бірнеше бап бойынша кінәлі деп тапты. Олардың бірі – «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету».


Көзі: Yunews.kz