Мьянмада кеменің аударылуы салдарынан 8 адам қаза тауып, 6 адам хабарсыз кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Мьянмада кеменің аударылуы салдарынан 8 адам қаза тауып, 6 адам хабарсыз кетті

444

Smiley face

Мьянмадағы Мандалай қаласының маңында кеменің аударылуы салдарынан сегіз адам қаза тауып, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлады РИА Новости елдің өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап.

Апат сәрсенбі күні таңертең болған. Кеме бортында 25 діндар адамдар болған. Жолаушылар Ньяунг Оак монастырына бармақшы болған. Нәтижесінде билік 11 адамды құтқарып, қаза тапқан сегіз адамның денесін тапты.

Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде, хабар-ошарсыз кеткендердің арасында екі әйел адам бар.


Көзі: Yunews.kz