«Астана» велошабандозы ТОП-10-ға енді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Астана» велошабандозы ТОП-10-ға енді

444

Smiley face

«Тур де Франс» 17-ші кезеңінің жарысы өтті. Оның қорытындысы бойынша «Астана» велошабандозы Горка Исагирре ТОП-10-ға кірді, деп хабарлайды  Olympic.kz.

17-ші кезең қашықтығы 200 шақырымды құрады. Оны Mitchelton-Scott командасынан МаттеоТрентин жылдам жүріп өтті. Финиште екінші болып Deceuninck - QuickStep өкілі Каспер Асгрен болды. Үздік үштікті Грен Ван Авермат (CCC Team) тұйықтады.

«Астана» велошабандозы Исагирре «Тур де Франс» кезеңінде алтыншы болып мәре сызығын кесті. Оның қорытынды орны - алтыншы.

Еске саламыз, күндіз 16-шы кезеңде «Астана» капитаны Якоб Фульсанг жарысты тастап кетті. Оның жарақатының дәрежесі тексеруден кейін белгілі болады.


Көзі: Yunews.kz