Қозылардың үнсіздігі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қозылардың үнсіздігі

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Осы көктемде Атырау облысы Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында қойдың жаппай қырылуы орын алды. Жалпы екі айда 1460 қой мен қозы өлді. Сол кезде атыраулық дәрігерлер мал басының өлімінің болжалды себебі қой шешегі болуы мүмкін екенін анықтады. Міне, осы диагнозды ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында және ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта растады.

Брифинг барысында Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат Айткалиев хабарлағандай, осыған байланысты Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылында шектеу қою туралы шешім қабылданды.

«Барлық мал басын есепке алып, оны вакцинациялайды. Қой ұстайтын барлық үқоралар мен арандар дезинфекцияланады. Осы ауданнан мал шығаруға уақытша тыйым салынады»,- деп атап өтті Азамат Айткалиев.

Қой шешегі өтемақы төлеу қарастырылған аурулар тізіміне кіреді. Ол үшін өлген малды санайтын және зардап шеккен фермерлерге қаражат төлеу үшін қажетті құжаттарды дайындайтын комиссия құрылады.


Көзі: yunews.kz