Жаңаөзенде пәтердегі өрт кезінде зейнеткер 45% күйік алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңаөзенде пәтердегі өрт кезінде зейнеткер 45% күйік алды

444

Smiley face

Өрт 24 шілде күні Жаңаөзен қаласындағы шағын аудандардың бірінде болған. Маңғыстау облысы ТЖД мәліметі бойынша, өрт сөндірушілер пәтерде өрт сөндіру кезінде 32 жасар әйел мен 75 жасар зейнеткерді құтқарды. Анықталғандай, қарт әйел өз бетімен жанып жатқан пәтерден кете алмай қалған.

«Өрттен егде әйел зардап шекті, ол Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілді. Әйел адамның қолдары қатты күйіп қалған»,  деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Өртті сөндіруге құтқарушыларға 20 минут уақыт қажет болды. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Көзі: yunews.kz