Қазақстанда 15 жасырын казино анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда 15 жасырын казино анықталды

444

Smiley face

Экономикалық тергеу қызметі 15 маусым мен 15 шілде аралығында заңсыз ойын орындарына қарсы кең ауқымды акция өткізді. Акцияға қарапайым азаматтар қатысып, құмар ойындардың жаңа нүктелері туралы ақпарат алды.

ҚР ҚК 307 бабы бойынша 81 қылмыстық іс тіркелді.

Жыл басынан бері барлығы 157 қылмыстық іс қозғалып, букмекерлік кеңселер түрінде жасырынған 15 жасырын казино, 49 мекеменің заңсыз қызметінің жолын кесті, ойын терминалдары, компьютерлер, покер үстелдері және т. б. түрінде 5 мыңға жуық заттай айғақ алынды.

Ақтөбе облысында букмекерлік кеңселер түрінде заңсыз 10 электрондық казино ашқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Қылмыстық топтың жетекшісі мен қатысушылары қамауға алынды, тергеу жүргізілуде.

Мамандардың пікірінше, лудомания, яғни құмар ойындарға тәуелділік психологиялық бұзылудың ауыр түрі болып табылады. Бұл құмарлық сезінудің тұрақты қажеттілігімен байланысты патологиялық құмарлық. Ойын кезінде көптеген адамдар өзін жағдайды толық бақылауға сенімді деп санайды және тез ұтысқа және баюға үміттенеді.

Ойыншылардың ірі сомалардан, көліктерден, пәтерлерден айырылып, суицид жасаған жағдайлар белгілі. Лудомания жұмыстан айырылу, қылмыс жасау, отбасын бұзу сияқты басқа да әлеуметтік салдарға алып келеді.

«Ойын бизнесі туралы» Заңға сәйкес Алматы облысы Қапшағай су қоймасының жағалауын және Ақмола облысы Щучье ауданын қоспағанда, еліміздің барлық аумағында казино мен ойын автоматтары залдарын орналастыруға тыйым салынған.

ҚР ҚК 307-бабына сәйкес ойын мекемесін заңсыз ашқаны, асырағаны немесе оларға үй-жайлар бергені, сондай-ақ лицензиясыз ойын бизнесін жүргізгені үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Smiley face

Егер сізге заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру саласында дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыс туралы белгілі болса, ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметіне 8 (7172) 70-98-20 сенім телефоны бойынша хабарлауыңызды немесе тәулік бойы мына мекен-жайға жеке хабарласуларыңызды сұраймыз: Нұр-Сұлтан, Бейбітшілік көшесі 10, тәулік бойы.

Заңсыз ойын орындарының мекен-жайлары мен ойын терминалдарын орнату нүктелері туралы @ser_kfm_mf_rkв Instagram және Facebook аккаунтына хабарлауға болады.


Көзі: yunews.kz