БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ 133 ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БІР ТӘУЛІК ІШІНДЕ АРЫС ҚАЛАСЫНДА ТАҒЫ 133 ҮЙ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

444

Smiley face
Фото: МИИР РК

26 шілдеге дейін Арыс қаласында қалпына келтірілген үйлердің саны 2312-ге (бір күн бұрын 2179) жетті, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Тағы 5 мыңға жуық жеке тұрғын үй мен көп қабатты үйлер еліміздің 14 өңірі мен Республикалық маңызы бар үш қаланың күшімен жөнделуде және қайта тұрғызылуда.

Smiley face
Фото: МИИР РК

Арыс қаласының 17 секторын қалпына келтіруге барлығы 7,5 мыңнан астам құрылысшы тартылған. Жұмыс Ақтөбе облысының секторында белсенді қарқынмен жүргізілуде, онда 355 үй қалпына келтірілді, Батыс Қазақстан облысында (290 үй) және Қызылорда облысында (177 үй).

Естеріңізге сала кетейік, ТЖ орын алған алғашқы күндерден бастап Арыс қаласында жүрген ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев тарапынан құрылыс жұмыстарының барысына күн сайынғы мониторинг жүргізілуде.


Көзі: yunews.kz