Қаза тапқан қорықшының жұбайына Президент атынан мемлекеттік марапат табыс етілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қаза тапқан қорықшының жұбайына Президент атынан мемлекеттік марапат табыс етілді

444

Smiley face
Фото: Yunews.kz

Бүгін Жезгазған қаласында браконьерлердің қолынан қаза тапқан қорықшы Қаныш Нұртазиновты соңғы сапарға шығарып салды. Қарақшылардың оғы өмірін қиған табиғат қорғаушысымен қоштасуға жүздеген халық жиналды: марқұмның туыстары мен достары, әріптестері, жерлестері. Қанышты ақтық сапарға шығарып салу кезінде жиналған қауым ол әділеттілік пен заңды әрдайым алға қойған ержүрек жан болғанын айтты. 


- Елбасы мен Президент атынан, барлық қазақстандықтардың атынан Қаныш Нұртазиновтың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын. Мемлекет басшысы осы қайғылы оқиғаны білгеннен бетте қылмыстық істі тергеуді жеке бақылауға алып, ішкі істер министріне тиісті тапсырмалар берді, - деді Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов. - Қаныш бізге Отанға деген батылдық пен адалдық, қызметтік борышын орындау кезіндегі жанқиярлық үлгісін көрсетті. Біз экология министрі Мағзұм Мырзағалиевпен бірге осы қайғыға барлығыңызбен бірге ортақтасу үшін келдік.

Smiley face
Smiley face
Фото: Yunews.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қаныш Нұртазинов қайтыс болғаннан кейін І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды. Президент атынан облыс әкімі қаза болған қорықшының жұбайына мемлекеттік награданы табыс етті. 
Қаза тапқан аңшы инспектордың отбасы материалдық көмек алады. Ерлан Қошанов сондай-ақ Президенттің тапсырмасы бойынша батырдың ерлігі мәңгі есте қалатынын айтты. Ұлытау ауданында Қаныш Нұртазиновтың есімі көшелердің біріне беріледі.
- Осыған орай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қайғыға ортақтасып, шынайы көңіл айтып жатыр. Осындай ермінезді азамат тәрбиелеген ата-ана, туған-туыс, жанұясына шексіз алғыс айтамыз. Артынан қалған анасына, жұбайына, бес баласына Алла қуат беріп, мейірімін төге көр дейміз... Қаныш Серікұлы қазақ даласының символы ақбөкендерді және көркем табиғатымызды қорғауда өзінің қызметтік міндетін адал орындап шықты. Нағыз ерлік көрсетті.... Өкінішке орай, мұның барлығын осындай жағдайда айтуға тура келіп тұр. Енді барлығына Алланың қалауы, - деді экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.
Марқұм қорықшы 43 жаста еді. Әскерден кейін заң білімін алып, Қаныш өз өмірін тәртіпі қорғау саласымен байланыстырған. Бірнеше жыл туған ауылында учаскелік инспектор болып жұмыс істеді. Үш жыл бұрын ішкі істер органдарынан отставкаға шыққаннан кейін, табиғат қорғау қызметіне ауысқан. 
Smiley face
Фото: Yunews.kz

Досымен бірге Қаныш Нұртазинов ақбөкен аулаған қаскүнемдерді құрықтамақшы болған. Оқиға Ақмола облысының Жарқайың ауданында орын алды. Қорықшыларға қарсы оқ атқан браконьерлер бір инспекторды өлтіріп, екіншісін ауыр жарақаттаған болатын. 
Жерлесінің қаза болғаны туралы тараған қайғылы хабар әрбір қоскөлдіктің қабырғасын қайыстырды. Ауыл тұрғындары оны жеке қайғысы ретінде қабылдап, Қаныштың отбасын қолдау үшін бірігіп, көмектерін аямады. 
- Біздің ауыл шағын. Біз бәріміз бір-бірімізді білеміз. Каныш керемет, мейірімді және ақжарқын адам еді. Оны барлығымыз құрметтеуші едік, - дейді Қоскөл тұрғыны Хамзат Жаналинов. – Біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қанышымыздың туғандары және ауылдастарымен бірге қайғымызға ортақтасып, көңіл айтқаны үшін алғысымызды білдіреміз. Марапаттау туралы шешім дұрыс және әділ деп санаймыз. Әрине, бұл баллалар үшін әкесінің, әйеліне жұбайынын орнын толтырмайды. Бірақ оларды осы бір ауыр қасіретімен жалғыз қалмағанан көрсетуде. Қорықшылық жұмыс өте қауіпті және мемлекет деңгейінде адам өмірін қорғау үшін шаралар қабылдау қажет. 
Қоштасу рәсімінен кейін бақилық болған қорықшының денесін туған жеріне апарып жерледі. 
Smiley face
Фото: Yunews.kz


Көзі: yunews.kz