Әскерилер «# Бірге # ТазаҚазакстан» акциясына белсенді қолдау көрсетті. - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Әскерилер «# Бірге # ТазаҚазакстан» акциясына белсенді қолдау көрсетті.

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласында су объектілері мен табиғи нысандарды санитарлық тазарту бойынша экологиялық акция өткізілді, оған ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы және Ақмола гарнизоны әскери бөлімдері мен мекемелерінің әскери қызметшілері қатысты, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Акция барысында Ақмола гарнизонының әскери қызметшілері астана маңындағы Сарыоба көлінің жанындағы су қоймалары мен табиғи нысандарды тазалады. Еске салайық, «Birge taza Qazazstan» акциясы 20 шілдеде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен басталды. Акция Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауларын тазартуды жалғастырады. Қоянды су қоймасында өткен алғашқы экологиялық сенбілікте 10 тоннадан астам қоқыс жинап, шараға 1200-ден астам адам қатысты.


Көзі: Yunews.kz