ТҮРКІСТАНДА БІРІНШІ ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ ӨТТІ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ТҮРКІСТАНДА БІРІНШІ ҚҰРЫЛЫС ФОРУМЫ ӨТТІ

444

Smiley face

Құрылыс материалдарын өндірушілер Түркістандағы алғашқы мамандандырылған форумға жиналды. Шараны Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды. Форумда құрылыс саласының кәсіпкерлеріне Түркістан қаласының мердігерлік компанияларының құрылыс тауарларын сатып алуы туралы ақпарат ұсынылды, деп хабарлады «Атамекен» АЭС баспасөз қызметі.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Берік Кенжебаевтың айтуынша, форумның мақсаты - отандық тауар өндірушілерге Түркістан облысында салынып жатқан нысандарды сатып алуға және жобаларға қатысуға көмектесу, сонымен қатар құрылыс материалдарын өндірушілер арасында байланыс орнату.

Форум барысында BI Group компаниясының өкілдері қатысушыларды компанияның құрылымымен және Түркістан қаласының құрылыс алаңдарында қолданылатын құрылыс материалдары мен жабдықтарының қазіргі жағдайымен таныстырды. Қазіргі уақытта Түркістан қаласында «BI Group» компаниясы 6 объектіні салып жатыр. Бұл әкімшілік орталығының ғимараттары, орталық стадион, медиа орталық, орталық алаң, «Ұлы дала елі» орталығы және драма театры.


Көзі: yunews.kz