Алматы кардиологиялық орталығында импульсті генератор имплантациясының бірегей операциясы жасалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы кардиологиялық орталығында импульсті генератор имплантациясының бірегей операциясы жасалды

444

Smiley face

 Алғаш рет Алматы қаласының кардиологиялық орталығында имплантацияның «OPTIMIZER Smart System» бірегей операциясы бойынша шеберлік сабағы өтті. Операцияны интервенциялық аритмология бөлімінің меңгерушісі Б.Рысмендиев жүргізді, деп хабарлайды Facebook-тегі парақшасында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы.

Имплантацияланатын импульсті генератор «OPTIMIZER Smart System» бұл шағын электрокардиостимуляторға ұқсайды. Кардиостимулятордан немесе дефибриллятордан айырмашылығы, жүйе ырғақ емес, жүрек бұлшықетінің жиырылу күшін модулдеуге арналған.

Жүрек бұлшықеттерінің жиырылу күшін модуляциялау орташа және ауыр жүрек жеткіліксіздігін емдеудің заманауи, инновациялық әдісі болып табылады, онда OPTIMIZER Smart System құрылғысы жүрек циклінің белгілі бір кезеңінде жүрек бұлшықетіне емдік ынталандыруды қамтамасыз етеді.

Smiley face

Зерттеулер көрсеткендей, жүректің жиырылу қабілеті едәуір артып, жалпы өнімділік жақсарады. Жүрек сору қызметін жақсырақ орындайды, эхокардиографиямен анықталатын маңызды көрсеткіштің, шығарылу фракциясы артады, бұл органдар мен тіндерді қан мен оттегімен қамтамасыз етуге жағымды әсер етеді.

Еуропалық клиникалық зерттеулер көрсеткендей, созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің мұндай емі қауіпсіз және жаттығуларға төзімділік пен өмір сапасын едәуір жақсартады.

Smiley face


Көзі: yunews.kz