Ақтөбеде Шалқарда үш ер адамға оқ атты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтөбеде Шалқарда үш ер адамға оқ атты

444

Smiley face

Ақтөбедегі Шалқарда үш адамды атып тастады. Үшеуі де оқтан жарақат алған. Олар Шалқар аудандық орталық ауруханасына жатқызылды. Алайда, олардың бірі дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, алған жарақатынан қайтыс болды.

Белгілі болғандай, ер адамдар жексенбі күні таңғы сағат 4-30 шамасында Әйтеке би көшесіндегі «Мерей» сауда орталығының жанында жарақат алған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде полиция 21 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Қылмыстың себебі неде екені әзірге белгісіз.

Стадионда күдікті жасырған 16 калибрлі аңшы мылтығы алынды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Көзі: yunews.kz