Химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы тағайындалды

444

Smiley face

2019 жылғы 29 шілде Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Алимбеков Еркинбек Тангирович ҚК-нің 24-бабының 3-бөлігі - 121-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған түпкілікті, педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеуге деп белгілеп, химиялық кастрациялау түрінде мәжбүрлеп емдеу шарасы қолданылған.

Бұлтартпау шарасы бұрынғысынша күзетпен ұстауда қалдырылған.

 Істің фабуласы

 Сотта анықталғандай, Е.Алимбеков 02 мамыр 2019 жылы, сағат 12.30 шамасында, Шымкент қаласы, Гагарин көшесінің бойында, көрінеу жас бала (9 жасар қыз) жәбірленушіге күш қолданып, «өлтіремін»- деп қорқытып, оны №143 көп қабатты үйдің артындағы өсіп кеткен бұтақтардың арасына күштеп алып  барып,  жәбірленушіге қатысты сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасау мақсатында,  үстіндегі  киімін  шешуді талап еткен. Сол уақытта жәбірленуші, сотталушы Е.Алимбеков оның қолын жібергенін пайдаланып, оқиға орнынан қашып, сол жерде өтіп бара жатқан адамдардан көмек сұраған. Сонымен Е.Алимбеков өзінің қылмыстық пиғылын ақырына дейін жеткізе алмаған.

Ойлаған мақсатына жетпей, Е.Алимбеков осымен тоқтамай, сол төңіректе кележатқан басқа жас баланы (12 жасар қыз) кездестіріп, оған «үйдің артқы жағында ит күшіктері жатыр»-деп алдап, оның  қолынан  ұстап, «өлтіремін»- деп қорқытып, көрінеу  жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға  оқталған кезде,  жәбірленуші көмек шақыртып айқайлаған уақытында, сол жерде жүрген адамдар оқиға орнына келіп, Е.Алимбековтің қылмыстық  ойын ақырына дейін жеткізуге кедергі жасап, оны ұстап, полицияға тапсырған.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Қайнар: 
Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі


Көзі: yunews.kz