LRT жобасынан үнемдеу миллиардтан асуы мүмкін - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

LRT жобасынан үнемдеу миллиардтан асуы мүмкін

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің айтуынша, LRT құру жобасы толығымен қайта қаралды.

«Осы жұмыстың нәтижелері бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мәліметі бойынша, жобаның шығыны үнемделуі 1 миллиард 200 миллион АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, бірқатар шаралардың нәтижелері бойынша «Астана Банкі» АҚ-на аударылған 258 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қаражат әрі қарай әкімдікке қайтарылады», деді Мамин.

Бұған дейін LRT жобасын іске асыру жалпы ұзындығы 41,81 шм болатын үш кезеңмен жоспарланған деп хабарланған болатын. Барлық кезектер іске қосылғаннан кейін тәулігіне 200 мың адамға жолаушылар тасымалы болады деп жоспарланған.

Қытайлық инвесторлар LRT құрылысының құнын 1,9 миллиард долларға бағалады.

Елорда әкімі Алтай Көлгінов соңғы есептеулер бойынша 1 шақырым LRT құны 68 ​​миллион теңгені құрайтынын айтты.


Көзі: yunews.kz