Атырауда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жаздық чемпионаты өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жаздық чемпионаты өтеді

444

Smiley face

Атырауда өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының жаздық чемпионаты өтеді. 2019 жылғы 31 шілде мен 3 тамыз аралығында Атырау қаласында өрт сөндіру - құтқару спортынан ерлер арасында XXVI жазғы чемпионат, әйелдер арасында VI жазғы чемпионат өтеді. Қазақстанның барлық аймақтарынан (Нұр-сұлтан , Алматы, Шымкент қалалары, 14 облыс) 299 қатысушы, 18 команда, сонымен КТИ өз шеберліктерін көрсетеді және чемпион атағына күресетін болады.

Өрт сөндіру-құтқару спорты - жеке, топтық сынақта өрт сөндіру практикасында қолданатын әртүрлі тәсілдер кешенін орындау болып табылатын спорттың қызметтік-қолданбалы түрі.

Чемпионаттың ашылу салтанаты 2019 жылғы 31 шілде күні сағат 20:00 Нұрсая ықшам ауданындағы «Салтанат сарайында» өтеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 2019 жылғы 3 тамыз күні сағат 18:00 Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ академиялық драма театрында өткізіледі.

 


Көзі: yunews.kz