Қазақстан Елшісі Кувейт Сыртқы істер министрімен кездесті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Елшісі Кувейт Сыртқы істер министрімен кездесті

444

Smiley face
Фото: МИД РК

Қазақстанның Кувейт Мемлекетіндегі Елшісі Дәулет Ембердиев Кувейт Мемлекеті Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Шейх Әл Халед Аль Хамад Әл Сабахпен кездесті. 

Кездесу барысында Қазақстан елшісі Министрге Сенім грамоталарының көшірмелерін тапсырды. Сонымен қатар сұхбат барысында екі тарап үшін маңызды саяси және экономикалық мәселер мен ортақ мүддеге сәйкес мазмұнды әңгіме қозғалды. Министр Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Сириядағы шиеленісті реттеуге арналған Астана процесіне өте жоғары баға беріп, үстіміздегі жылғы тамыз айында өтетін кездесуге үлкен табыс тіледі. 

Smiley face
Фото: МИД РК

Д.Ембердиев Қазақстан Республикасы басшылығы атынан Кувейт Мемлекетінің Бірікен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмысына жоғары баға берді. Әсіресе Кувейттің гуманитарлық мәселелердегі бастамашы рөлі ерекше атап өтілді.


Көзі: yunews.kz