ҚТЖ мен Alstom Цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

ҚТЖ мен Alstom Цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

444

Smiley face
Фото: АО «НК «Қазақстан темір жолы» 

2019 жылдың 30 шілдесінде Нұр – Сұлтан қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Alstom арасында теміржол дабылы, блоктау және орталықтандыру үшін Цифрлық технологиялар саласын дамытудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Сауат Мыңбаев және Alstom компаниясы Таяу Шығыс пен Африка және Орталық Азия аймағының аға вице-президенті Дидье Пфлегер қол қойды.

Smiley face
Фото: АО «НК «Қазақстан темір жолы» 

Қол қою салтанаты Франция экономика және қаржы министрі Брюно Ле Мэрдің қатысуымен Қазақстанға жасаған ресми сапары барысында орын алды.

Тараптар Қазақстанда құруға жоспарланып отырған, «ДОБ Цифрлық  құзіреттілік орталығы» базасында басымдықты теміржол станцияларында дабыл, орталықтандыру және блоктау (ДОБ) жүйесін жаңғырту бойынша бейінделген техникалық шешімдерін перспективалы енгізу үшін көлік саласындағы ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ сандық бағдарламаларды белсенді ендіруде. Темір инфрақұрылымын жаңғырту – еліміздің көлік саласын дамытудағы басымдықты бағыттардың бірі», - деп атап көрсетті Сауат Мыңбаев.

Smiley face
Фото: АО «НК «Қазақстан темір жолы» 

«Мен Қазақстан темір жолымен бірге темір жол саласын цифрлік дамыту аясында ынтымақтасып отырғанымызға аса қуаныштымын. Alstom жұмыс тәжірибесі 30 жылдан асады, осы уақыт ішінде біздің кәсіпорын 25-тен аса елде 1500 орталықтандыру жүйесін орнатып үлгерді. Сондықтан біздің ұзақ мерзімге жалғасатын өнегелі ынтымақтастығымызды ары қарай дамыту үшін Қазақстанға ең заманауи шешімдерді ұсынып отырғанымызға қуаныштымыз», - деді Alstom компаниясының Таяу Шығыс пен Африка және Орта Азия аймағындағы аға вице-президенті Дидье Пфлегер.


Көзі: yunews.kz