Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық дзюдошылар Азия чемпионатында 13 медаль жеңіп алды

444

Smiley face
Фото с сайта НОК

Тайбэде жастар арасындағы дзюдодан Азия чемпионаты аяқталды. Құрлықтық біріншілікке 21 Азия елінен 170 дзюдошы қатысты, деп хабарлайды  Оlympic.kz.

Қазақстан құрамасы 13 медаль жеңіп алды, оның ішінде 1 алтын, 3 күміс және 9 қола. Азия Чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан медальдық есепте үшінші орынға  иеленді.

Медальдық есепте Жапонияда - 10 награда (6-1-3), екінші орында Оңтүстік Кореяда - 10 (3-1-6). Чемпионаттың алтынын Мөлдір Нұрынова (70 кг), күміс – Ғалия Тынбаева (48 кг) Ақжол Қайыпхан (52 кг)  және Меруерт Сарсенова (57 кг) иеленді. Қола медальді  Ақмарал Науатбек (48 келі) Саера Мирзахметова (63 келі) Маргарита Гриценко (-78 келі) Дамир Болатбеков (60 келі) Ермек Амангелді (66 келі) Айбар Мұқашев (73 келі) Нұрбек Ортай (81 келі) Бекарыс Саадуакас (-100 келі) Бибарыс Абдығани (+100 келі).


Көзі: yunews.kz