Табу және зиянсыздандыру! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Табу және зиянсыздандыру!

444

Smiley face

Фото ІІМ баспасөз қызметі

Тараз қаласының орталық алаңында полиция қызметкерлеріне жаңа "Нива" мен "Уазиктердің" кілттері салтанатты түрде табыс етілді. Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Қордай, Мойынқұм, Мерке және Шу аудандарының учаскелік полиция инспекторлары 131 көлікті алды, деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.

"Қоғамдық тәртіпті сақтауға жергілікті атқарушы органдар бөлген қаражат көлемі жылдан жылға артып келеді, бұл өз жемісін береді, - деп атап өтті облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Календер. - Мысалы, бірінші жартыжылдықта тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2% - ға азайды. Бірақ полицияның неғұрлым тиімді жұмысы үшін учаскелік инспекторларды, ең алдымен, ауылдарды қызметтік көлікпен қамтамасыз ету қажет болды".

Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы АрманОразалиев әкімдікке материалдық қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

"Алдағы 2020 жыл біздің министрлік учаскелік инспекторлар Жылы деп жарияланды, сондықтан оның басталуына қарай учаскелік инспекторлар облыс әкімдігінің қолдауымен автокөліктермен 90% қамтамасыз етіледі, – деп атап өтті ол. – Бұл біздің қызметкерлеріміздің алыс аудандарға үнемі шығып, қылмысты жедел ашуға және құқық бұзушылықтармен күресуге мүмкіндік береді. Ал қалған үш ауданға келетін болсақ: Сарысу, Талас және Рысқұлов аудандары келесі жылдың басында өз көліктерін алады".

Барлық қызметтік автокөліктер дауыс зорайтқыштармен, радиостанциялармен және басқа да арнайы құралдармен жабдықталған.


Көзі: yunews.kz