Алматы мен Оңтүстік Кореяның сауда-экономикалық байланыстары нығая түседі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматы мен Оңтүстік Кореяның сауда-экономикалық байланыстары нығая түседі

444

Smiley face

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Корея Республикасының Алматыдағы Бас консулы Ким Хынг Cумен кездесті.

Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастардың ағымдағы жай-күйі мен даму мүмкіндіктері, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланды.

Алматыда сауда, медицина, құрылыс, телекоммуникация салаларында Оңтүстік Корея капиталының қатысуымен 320 кәсіпорын жұмыс істейді.

Өткен жылы Алматы қаласын "Батыс Еуропа – Батыс Қытай"жүйесіне қосатын ҮААЖ құрылысы басталды. Құрылысқа оңтүстік кореялық SK Group, KoreaExpresswayCorporation компаниялары да қатысуда. Бұдан басқа, HyundaiRotem және Алматы метрополитендері арасында электржылжымалы құрамдарды жеткізуге келісім-шартқа қол қойылды.

Оңтүстік Корея Қазақстанның 12 ірі сауда серіктестерінің қатарына кіреді. 2008-2017 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына оңтүстік кореялық инвестициялар көлемі 4,5 млрд.

Инфрақұрылым мен көлік саласында ынтымақтастық дамуда.


Көзі: yunews.kz