Жаңа қорық-мұражай Нұр- Сұлтанда ашылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жаңа қорық-мұражай Нұр- Сұлтанда ашылады

444

Smiley face
Фото: nat-geo.ru

Нұр-Сұлтан қаласындағы жаңа мұражай-қорықтың құрылуы туралы елорда әкімі Алтай Кульгинов Instagram-дағы парақшасында айтты. Оның айтуынша, "Бозоқ" қалашығын қайта құру және оның орнында археологиялық саябақ құру жоспарлануда.

"Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловамен кездесу өте қуанышты болды. "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайын дамытудың бірлескен жоспарына қол қойылды. Мұражай-қорықтың (визит-орталық, археологиялық парк) нысандарының жобалық-сметалық құжаттамасын 2020 жылы әзірлеп, жол инфрақұрылымын әзірлеуге көшуді жоспарлап отыр.

Жобаның мақсаты "Бозоқ" қалашығын қайта жаңарту және археологиялық парк құру болып табылады.

Сондай - ақ, елордада туризм саласын одан әрі дамыту бойынша бірқатар іс-шаралар жоспарланған", - деді әлеуметтік желілерде әкім.


Көзі: yunews.kz