Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

444

Smiley face

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді.

Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.


Көзі: yunews.kz