Қазақстан Елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан Елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

444

Smiley face

2019 жылғы 31 шілдеде Душанбе қаласында Ұлт Сарайында Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Асқар Тәжібаевтың Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын табыстау салтанатты рәсімі өтті.

Рәсім барысында Э.Рахмон қазақстандық-тәжік қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достықөзара іс-қимылдыодан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан Президенті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.

Өз кезегінде А.Тәжібаев Тәжікстан Президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда Елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.


Көзі: yunews.kz