120 мың теңге пара алғаны үшін ветеринарлық анықтамалар берілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

120 мың теңге пара алғаны үшін ветеринарлық анықтамалар берілді

444

Smiley face

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.  «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Накыпбеков И.С. пара алды деп айыпталуда.

Нақыпбеков үй жануарларына ветеринариялық анықтама бергені үшін 120 мың теңге көлемінде пара алған. Ағымдағы жылдың 30 шілдесінде Шымкент қаласының Абай аудандық сотының үкімімен Нақыпбековке 3 миллион теңге айыппұл салынды.

Сот айыппұлды төлеу мерзімін үкім күшіне енген күннен бастап 1 ай ішінде белгіледі және төлем орындалмаған жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылатындығы түсіндірілді. Сотталған адам өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылады.


Көзі: Yunews.kz