Үш жасөспірім Сарысу өзенінде суға батып кетті. - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Үш жасөспірім Сарысу өзенінде суға батып кетті.

444

Smiley face
Фото: youtube

Үш қыз бала Ұлытау ауданының Жыланды ауылының маңындағы Сарысу өзеніне суға батып кетті, деп хабарлайды Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі Департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімдер суға батып кеткен жер шомылу үшін жабдықталмаған, қазаның мән-жайы нақтылануда деп хабарланды. 2002 жылы туған екі қыз баланың және 2006 жылы туған қыз баланың денелерін жергілікті тұрғындар тапқан.

Қарағанды облысының ТЖ жөніндегі Департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздік қағидаларының талаптарын сақтауға шақырады:

- жабдықталмаған және тыйым салынған орындарда шомылмау;

- алкогольдік және есірткілік масаң күйінде суға кірмеу және шомылмау;

- балаларды қараусыз қалдырмау;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеу;

- тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгімеу;

- жүзу шегін білдіретін қалтқы белгілерден аспау;

- жағалаудан ұзаққа жүзбеу, өз күшін асыра бағаламау;

- жүзуге арналмаған заттарды пайдаланып жүзбеу;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кірмеу;

- тәуліктің қараңғы уақытында шомылмау;

- жүзу құралдарына жеке қорғаныс заттарынсыз мінбеу.


Көзі: yunews.kz