Батырлар «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Батырлар «Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен марапатталды

444

Smiley face

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Комитетінің төрағасы генерал-майор Владимир Беккер Есіл өзенінде ерлі-зайыптылар жұбын құтқарған батырларды салтанатты түрде құттықтады және марапаттады.

«Суға батқандарды құтқарғаны үшін» медалімен Нұр-Сұлтан қ. ТЖД Есіл ауданының ТЖ Басқармасының аға инженері Заку Диас, ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының курсанты Аманжолов Серік, ҚР Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың алғыс хатымен балықшы Жами Руслан марапатталды.

Smiley face

10 маусымда астаналық ТЖ Департаментінің қызметкерлері, атап айтқанда Есіл ауданы ТЖ басқармасының аға инженері Заку Диас және Көкшетау техникалық институтының курсанты Аманжолов Серік рейд барысында отбасылық жұпты құтқарды. Өзенде ер адамның жүзіп, қыздың батып бара жатқанын көріп, құтқарушылар еш ойланбастан өзенге сүңгіген. Қызды сүйемелдей отырып, оны жағаға шығарған соң, олар ер адамды құтқару үшін қайтадан  сүңгиді. Суға батып бара жатқан жігітті құтқаруға оқиға орнынан алыс емес жерде балық аулап отырған балықшы көмектескен, ол құтқарушылармен бірге суға секірген.

Smiley face


Көзі: yunews.kz