БҚО көшелерінде ересектердің қарауынсыз жүрген 228 жасөспірім табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БҚО көшелерінде ересектердің қарауынсыз жүрген 228 жасөспірім табылды

444

Smiley face
Фото: акимат ЗКО

Батыс Қазақстан облысында «Демалыс» жедел-алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша ересектердің қарауынсыз жүрген 228 жасөспірім анықталды, деп хабарлайды БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Полиция қызметкерлері прокуратура, білім беру, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдерімен бірге алты күн бойы рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Smiley face
Фото: акимат ЗКО

Іс-шара барысында 246 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде ата-анасының немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін - 9, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь өнімдерін сату бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін - 4, кәмелетке толмағандардың сағат 23.00-ден таңғы 6.00-ге дейін заңды өкілдерінің қарауынсыз тұрғын үйден тыс жерде болғаны үшін -228.

 Алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында полицияға 250 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде қылмыс жасағаны үшін - 2, әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін - 237, қадағалаусыз және панасыздығы үшін - 11, сондай-ақ 2 кәмелетке толмаған бала Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. 13 қолайсыз отбасы профилактикалық есепке алынды.

Smiley face
Фото: акимат ЗКО

Сонымен қатар, жазғы демалыс кезінде 7 жасөспірім облыстың су айдындарында суға батып кетті.


Көзі: yunews.kz