Қостанай облысы әкімдігінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының Сараптамалық кеңесінің отырысы өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қостанай облысы әкімдігінде Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының Сараптамалық кеңесінің отырысы өтті

444

Smiley face

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы бірнеше жыл бойы Қостанай облысында табысты жүзеге асырылуда. Осы уақыт ішінде біршама жұмыс атқарылды. Мәселен, өңірде мектеп және өлкетану мұражайларының саны 99-дан 164-ке дейін, мектеп оқушыларының іздеу отрядтарының саны 97-ден 402-ге дейін артты. «Көркейе бер, Қостанай!» жобасы шеңберінде меценаттар 292 әлеуметтік жобаны жүзеге асырды.

Smiley face

Шақшақ Жәнібек ескерткішінің, Кәмшат Дөненбаеваның мүсінінің салтанатты ашылуы, Кейкі батырдың сүйектерін жерлеу және мәңгі есте қалдыру жөніндегі іс-шаралар, Ыбырай Алтынсарин мемориалдық кешенінің қайта жаңартудан кейін салтанатты ашылуы, сондай-ақ халықаралық және республикалық форумдар, слеттер мен ғылыми-практикалық конференциялар Қостанай облысындағы анағұрлым маңызды оқиғалар болып табылады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ақпараттық-түсіндіру жұмысы  маңызды рөл атқарады. Сондықтан да Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының Сараптамалық кеңесі отырысының тақырыбы «Қостанай облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеу» ретінде айқындалды.

Smiley face

Талқылаудың бірінші мәселесі «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасын жүзеге асыру болды. Бағдарламаны іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бірнеше құрамдас бөліктерден құралады. Жыл сайын облыстық медиа-жоспар қалыптастырылады, оған теле-, радиоарналар, мерзімді баспа басылымдары, интернет-ресурстар, әлеуметтік желілер арқылы жарықтандыру енгізілген. Бұдан басқа, жауапты басқармалармен бірлесіп тақырыптық медиа-жоспарлар әзірленуде, мысалы, қазақ тілін латын графикасына көшіру, сакралды нысандарды жарықтандыру бойынша және т. б.

Smiley face

Ақпараттық жұмыс барлық дерлік бұқаралық ақпарат құралдарында жүргізіледі. Газеттерде, радио мен телеарналарда айдарлар мен арнайы бағдарламалар ашылған, оларда ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір, этономәдени орталықтардың көшбасшылары және т.б. мәлімдемелер жасайды. Интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде бағдарламаны ілгерілету бойынша белгілі бір жұмыстар жүргізіледі.

«2019 жылы жүргізілген әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша ақпараттандырудың жоғары деңгейі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық ілгерілету бойынша жүйелі жұмыстың нәтижесі болып табылады», - деді Зәуре Байменова. 

Smiley face

Сараптамалық кеңестің отырысында «Қостанай таңы» газетінің, «Алау» телеарнасының қызметінде қоғамдық сананы жаңғырту мәселелеріне, сондай-ақ «Костанайские новости» газетінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ақпараттық сүйемелдеуге бағытталған жобаларына егжей-тегжейлі тоқталды. 

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы жобасының сәтті іске асырылуы туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өңірлердің осы бағыттағы қызметін мониторингтеу барысында белгіленген Қостанай облысының жетекші позициясы да куәландырады.  


Көзі: yunews.kz