Қандай өңірлердің тұрғындары тегін дәрі-дәрмектерді уақытылы алмайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қандай өңірлердің тұрғындары тегін дәрі-дәрмектерді уақытылы алмайды

444

Smiley face

Бірнеше ай бойы Денсаулық сақтау министрлігі, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры және «СК-Фармация» ЖШС Қазақстанда деректері тегін дәрі-дәрмек алушы ретінде ақпараттық жүйеде көрсетілген пациенттерге SMS-хабарламалар тарату жүргізді. Жақында тегін дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды беру мониторингінің қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облыстық филиалы.

Барлығы 1 млн-нан астам SMS-хабарлама жіберілді. Хабарламада дәрі-дәрмек рецептінің нөмірі мен берілген күні туралы ақпарат қамтылған. Егер пациент осы дәрі-дәрмектерді алмаған жағдайда, оған SMS-хабарламаға жауап ретінде «0» санын жіберу немесе «СК-Фармация» ЖШС байланыс орталығына 1439 нөмірі бойынша қоңырау шалу ұсынылды.

SMS-хабарламаларды тарату қорытындысы бойынша Қормен  пациенттерден түскен 27798 пікір тіркелген, оның ішінде 4 137 пациент препаратты алмаған. Ақмола облысында 219 адам препараттар алмаған.

«Аталған жағдайлар бойынша тексеру ұйымдастырылады, оның барысында тегін дәрі-дәрмектермен уақытылы қамтамасыз етілмеу себептерін анықтау керек және тиісінше жауапкершілікке тарту бойынша шешім шығарылады», - деді «СК-Фармация» ЖШС-нің Ақмола облысы бойынша өкілдігінің басшысы Роза Тлеспаева.

Дәрі-дәрмектерді алмау туралы ең көп жауаптарды Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарының тұрғындары жіберді.


Көзі: yunews.kz