Сириялық фаталити - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Сириялық фаталити

444

Smiley face

Сирия азаматы Штутгарт қаласының көшесінде пәтерде бірге тұратын көршісін қылышқа ұқсас затпен  бауыздаған, деп хабарлайды жергілікті полиция.

РИА Новости хабарлағандай, оқиға сәрсенбі күні кешке орын алған. Германияда тіркелген Сирияның 28 жасар азаматы көшедегі жанжал кезінде өзінің 36 жастағы көршісіне  қол жұмсаған,  куәгерлер полиция шақырған. Шұғыл көмекке қарамастан, ер адам көз жұмды. Күдікті велосипедпен қашып кетуге тырысқанымен, оны ұстап алған. Тергеушілер қылмыскер мен жәбірленушінің таныс болғанын және бір пәтерде тұрғанын анықтады.

Қылмыстың себебі әлі белгісіз. Бейсенбі күні күдікті судьяның алдына келуі тиіс. Полиция зардап шегуші туралы басқа ақпаратты хабарламайды,бірақ қаза тапқан қазақстандық неміс болған.

 


Көзі: yunews.kz