Біз болмасақ кім?! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Біз болмасақ кім?!

444

Smiley face

"АрХО – 2019" аясында "Десанттық взвод" байқауының халықаралық кезеңіне қатысушы қазақстандық әскери қызметшілер Псков жерінде парашютпен секірді, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Smiley face

Жақында "Взвод құрамында десант түсіру, қону алаңында жиналу, 10 км жедел марш жасау" бірінші кезеңіне дайындық іс-шаралары шеңберінде конкурсқа қатысушылармен әуе-десант кешені снарядтарында секіру алдындағы жаттығу өткізілді, оның барысында байқауға қатысушылар әр түрлі жағдайлар мен қону кезіндегі десантшылардың іс-қимылдарын пысықтады. Взвод бөлімше құрамында Ми-8 әскери авиацияның үш тікұшағында секірді. Жарысқа қатысушы 21 елдің өкілдері қарумен толық жарақталған. Бөлімше құрамында десант түсіру 600 және 800 метр биіктіктен парашюттік жүйелерді қолдана отырып жүргізілді. Алаңға қонғаннан кейін команда белгіленген бағыт бойынша 10 километрлік жедел марш жасады.

Smiley face

Еске сала кетейік, бұл жылы Армиялық халықаралық ойындар бесінші рет өткізіліп отыр. Ойынның географиясы 10 мемлекеттің аумағына жетті: Ресей, Әзірбайжан, Армении, Беларус, Үндістан,  Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстан. Ұйымдастырушылар кем дегенде 30 елдің алты мыңнан астам әскери қызметшілері қатысады деп күтуде.

Smiley face

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz