Алматыда автобус паркі қайта жаңартылады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыда автобус паркі қайта жаңартылады

444

Smiley face

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев қоғамдық көліктің жұмысымен танысты. Автопаркті жетілдіру жұмыстары жалғастырылғанына қарамастан, әлі де проблемалар бар.

Бақытжан Сағынтаев Facebook-тегі өз парақшасында Алматының қоғамдық көлігінің 3 проблемасын атап өтті: білікті кадрлардың жетіспеушілігі, қаланың троллейбус желісін жете бағаламау және қала маңындағы көліктің тозғандығы.

Қала басшысы  әр мәселе бойынша әкімдікке нұсқау берді.

Көп ұзамай троллейбус желісін қайта жаңарту басталады.

"Бұл шаралардың басты мақсаты — қала тұрғындарына сапалы көліктік қызмет көрсету және жолаушылар тасымалының қауіпсіздігін қамтамасыз ету", - деді Сағынтаев.


Көзі: yunews.kz