Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында Қазақстан Республикасының XXVI чемпионатында, әйелдер арасында ҚР VI чемпионатында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өткен жеңімпаздар анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ерлер арасында Қазақстан Республикасының XXVI чемпионатында, әйелдер арасында ҚР VI чемпионатында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өткен жеңімпаздар анықталды

444

Smiley face

Өрт-құтқару спорты бойынша ерлер арасындағы Қазақстан Республикасының XXVI жазғы чемпионаты, әйелдер арасындағы өрт-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының VI жазғы чемпионаты «Самал» шағын ауданының өрт сөндіру бөлімінің аумағында жалғасуда.

Кеше, 2019 жылғы 1 тамызда өрт сөндіру бөлімінің аумағында кедергілері бар 100 метрлік жолақтан өту жарысы өтті. Кедергілер жолағында жүгірулер әйелдер мен ерлер арасында өткізілді.

Smiley face

Жарыстың бұл түрі-өрт-құтқару спортының ең қиын түрі. Бірінші кезеңде қатысушылар дуалдан өту керек. Ерлер үшін оның биіктігі 2 метр, әйелдер үшін-80 сантиметр. Одан әрі спортшылар алдын ала арақашықтықта орналасқан өрт сөндіру жеңдерін ұстап алады, спорттық снаряд – буммен жүгіріп, тарқату және жеңдерді жүгіруге жалғайды. Өрт сөндіру жеңінің бір ұшы одан кейін тармақтағышқа, ал екіншісі – қатысушының арқасына орналасқан өрт оқпанына бекітіледі. Барлық манипуляцияларды орындағаннан кейін жүгіру мәре сызығына дейін жалғасады.

Smiley face

Әйелдер арасында кедергілері бар 100 метрлік жолақты еңсеруде Гептина Елена (Нұр-сұлтан қаласы) 17,46 секунд нәтижесімен жеңді. Одан әрі күміс жүлде 17,96 секунд нәтижесімен  Ақмола облысынан келген Анастасия Астафьеваға бұйырды, қола медальді 18.15 секунд нәтижесімен Виктория Бекмухамбетова (Ақтөбе қаласы) иеленді.

Ерлер арасында 16.52 нәтижемен Ералы Абзалов (ШҚО) чемпион атанды, 17.44 нәтижемен күміс жүлдегер Текенов Бауыржан (Қарағанды облысы), 19.97 нәтижемен Олжабаев Темірлан (Нұр-сұлтан қаласы) қола медальді жеңіп алды.

Smiley face

Smiley face

Smiley face


Көзі: yunews.kz