АШ министрлігі Ақмола облысының табиғи ресурстарын американдықтардың ақшасына бағалайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

АШ министрлігі Ақмола облысының табиғи ресурстарын американдықтардың ақшасына бағалайды

444

Smiley face

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Азия Даму банкінің өкілдерімен және АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Азия Даму банкі мен АҚШ Ауыл шаруашылығы департаментінің жоспарланған бірлескен миссиясы шеңберінде Ақмола облысының табиғи ресурстарына пилоттық аймақ ретінде бағалау жүргізу жоспарлануда. Миссия құрамына Мичиган мемлекеттік университетінің сарапшылары мен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының қазақстандық ғалымдары кіреді. Бұл қызметті қаржыландыру мақсатында Азия Даму Банкі $500 мың көлемінде техникалық көмек грантын береді.

Миссияның мақсаты  - Ақмола облысындағы топырақтың, судың жай-күйі және климаттық өзгерістер бойынша ақпарат жинау; шамамен 50 фермерлік шаруашылықтар мен МТФ бару; жергілікті ғалымдар мен фермерлер үшін тренингтер өткізу; жабдықтар мен кадрлық ресурстар бөлігінде жергілікті зертханалардың қажеттілігін бағалау.

Атап өтейік, 2019 жылы қаңтарда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азия Даму Банкінің өкілдігі арасында ет өндірісінің өндірістік-технологиялық тізбегін дамыту үшін ресурстық базаны бағалау жөніндегі консультанттың техникалық тапсырмасына қол қойылды.

Осылайша, осы техникалық тапсырма шеңберінде Ақмола облысында 40 учаскедегі жайылымдарға зерттеу жүргізу, спутниктік бейнелерді алу, топырақ және су ресурстарының карталарын жасау үшін бастапқы техникалық деректерді салыстыру көзделген. Сонымен қатар, қазақстандық ғалымдар мен фермерлердің әлеуетін арттыру және оқыту бойынша семинарлар өткізу жоспарлануда. Бұл ретте, осы миссияны қаржыландыру (500 мың АҚШ долл.)  осы техникалық тапсырма шеңберінде жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Азия Даму банкі арасында өзара түсіністік туралы Меморандум жасалды, оған сәйкес тараптар ауыл шаруашылығындағы мәселелерге әрекет ету және шешу бойынша серіктестік туралы келісті.  

Олар мыналар: төмен жалақы, түсімділік және өнімділік; ауылдық өңірлерден жұмыс күшінің кетуіне әкелетін урбанизация; шектелген және ескірген ирригациялық инфрақұрылым, ауылдық жолдар, және басқа да базалық инфрақұрылым; ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін қаржыландыруға қазіргі заманғы, тиімді, қауіпсіз және тең құқылы қолжетімділіктің болмауы; технологиялық және жергілікті инновациялық дамудың шектеулі мүмкіндіктері; өңірлік ауыл шаруашылығы нарықтарына және қосылған құнның жаһандық тізбектеріне қолжетімділіктің болмауы; табиғи ресурстардың тозған базасы; және климаттың өзгеруі және дүлей апаттар тәуекелдері.

Бүгінгі күні Меморандумның уағдаластықтарын орындау үшін Министрлік Бақылау кеңесін құрды, оның құрамына министрлік пен Азия банкінің құрамы ғана емес, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген проблемаларды іске асыру жөніндегі құзыретті ұйымдар кіреді.


Көзі: yunews.kz