Онлайн көлік сатып ал – оған резина ұтып ал! - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Онлайн көлік сатып ал – оған резина ұтып ал!

444

Smiley face

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемкорпорациясы автокөлік иелері үшін «Онлайн көлік сатып ал – оған резина ұтып ал!» атты конкурс жариялайды.  Конкурстың шарттары бойынша тамыз айында автокөлігін Электрондық үкімет egov.kz. порталында қайта ресімдеген әрбір азамат автоматты түрде конкурсқа қатысушы болады, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі.   

Конкурстың негізгі мақсаты - автокөлік иелері үшін онлайн-қызметтерді көпшілікке тарату және азаматтарды қызметтерді өз бетінше алуға ынталандыру.

Конкурс 1-31 тамыз аралығында өтеді. Жеңімпаз тамыз айында автокөлікті ЭҮП арқылы тіркеуді өз бетінше ресімдеген қызмет алушылардың жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) кездейсоқ таңдау әдісімен анықталатын болады.

Конкурс қорытындысы 1 қыркүйек күні сағат 15.00-де Instagram @ gov4c.kz. мемкорпорацияның  ресми бетінде тікелей эфирде шығарылады.

Конкурс жеңімпазына автокөлік резеңке жиынтығына сертификат беріледі. Шиналардың маусымдылығы мен мөлшері - көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша.

Сондай-ақ, бес жұбаныш сыйлықтарының ұтысы болжанып отыр. Олардың ішінде - сақтандыру полисі, автокөлікті жууға (химиялық тазалау) абонемент, видеотіркеуші, май ауыстыру, бак толы отын.

Айта кету керек, автокөлік құралдарын қайта тіркеу қызметі өткен жылдың маусым айында Электрондық үкімет порталында қолжетімді болды.

Осы жылдың бірінші жартыжылдығында egov.kz порталы арқылы 26 мыңнан астам автомобиль қайта тіркелді.


Көзі: yunews.kz