"Біз барлық мән-жайды тексеруге міндеттіміз» - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

"Біз барлық мән-жайды тексеруге міндеттіміз»

444

Smiley face

Қостанай облысының полициясында қылмыс жасаған күдіктіні ұстау кезінде қару қолданған пульттік күзет қызметкеріне қатысты жағдайға түсініктеме берілді.

Полиция департаментінде қару қолданудың әрбір жағдайында заң бойынша жасалған іс-әрекеттердің заңдылығына тексеру жүргізу қарастыралатыны атап өтілді.

Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Нұрлан Арыстановтың айтуынша, Қылмыстық кодекстің «Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" 252-бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде барлық қажетті тергеу амалдары  жүргізілетін болады, содан кейін іс жүргізу  шешімі қабылданады.

"Біз барлық мән-жайларды тексеруге міндеттіміз. Бұл заң", - деді Н. Арыстанов.

Ол сондай-ақ, атыс қаруын қолдануға құқығы бар адамдарға әрдайым жоғары дәрежелі жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. 

"Қызметкер қару қолдануға бел шешкен кезде, ол күдікті адамнан шығатын қауіп-қатер дәрежесін жеке бағалауға негізделеді.  Қауіптің шын мәнінде қандай болғаны жүргізілген тергеу амалдарының арқасында анықталады. Тергеудің заңдылығы мен объективтілігін қадағалауды прокуратура жүзеге асырады", - деп атап өтті Н. Арыстанов.

Полиция қызметкерлері тарапынан да қару қолданудың әрбір фактісі кезінде оны қолдану фактісін тергеу рәсімі жүргізіледі.

23 маусымнан 24 маусымға қараған түні №15 балабақшаның күзетшісі пульттік күзеттің дабыл түймесін басады. Шақыруға "ГБР-Арыстан" пульттік күзеттің  қызметкері Шыңғыс Исахметов келді.

Шыңғыс Исахметовтың айтуы бойынша, оның көзінше қызға зорлық-зомбылық жасалған, екі жігіт оны қолынан ұстап тұрған, ал үшіншісі жыныстық қатынасқа түскен. Зорлаушылар күзетті көргенде, жан-жаққа қаша бастайды. Сол кезде Ш.Исахметов ауаға ескерту түрінде атады, ал қылмыскер тоқтамағаннан кейін күзетші оның ішіне оқ атады. Содан кейін пульттік күзет қызметкерлері жедел жәрдем мен полицияны шақырған.

Нәтижесінде Шыңғыса Исахметовқа қатысты  ҚР ҚК «Жекеше күзет қызметтері қызметшілерінің өкілеттіктерін асыра пайдалануы" 252-бабы бойынша қылмыстық іс  қозғалды. Бұл бап бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.


Көзі: yunews.kz